Super User

Super User

Как известно, Дворец молодежи в учебном корпусе Жамбылского гидромелиоративно-строительного института, который был основан около 60 лет назад, носит имя академика Марса Уркимбаева. Сегодня в «Гидрокомплексе» Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати открылась мемориальная доска, посвященная государственному и общественному деятелю, доктору технических наук, профессору, академику международной и Национальной инженерной академии Марсу Уркимбаеву.

Это уважение страны к гражданину, неустанно трудившемуся на благо образования и науки, сделавшему смелые шаги во имя будущего молодежи. Таким образом, руководство Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати, явившееся катализатором доброго дела, подавало пример подрастающему поколению.

2

В церемонии открытия приняли участие заместитель акима области Даулет Карибек и председатель правления-ректор университета Талгат Ешенкулов.

Даулет Жамаубаевич отметил, что сегодняшнее событие станет историческим моментом для региона.

– «Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден. Көзді ашып жұмғанша. Жылдам хабар алғызды» – наводит на размышления стихотворение поэта Абая. Марс Фазылович, построивший образовательный комплекс для будущей молодежи, действительно показывает, что он гражданин, который думает о будущем страны», – отметил заместитель акима области.

4

Ректор университета Талгат Ильясович сказал, что велика будет работа тех, кто сумеет преодолеть внешние препятствия, спрогнозировать направление развития в соответствии с глобальными изменениями. По словам ректора, Марс Фазылович был человеком, оставившим после себя память, которая не забудется долгие годы. Сегодня, когда мы говорим «Гидрокомплекс», вспоминаем академика Марса Уркимбаева. Теперь его каменная надпись висит на стене комплекса.

– Если говорить о современном образовании и науке, современных движениях в обществе, то можно представить себе пути и жизни отдельных ученых и государственных деятелей. Хорошо известно имя академика, проявившего смелую инициативу во имя будущего страны и оставившего при жизни такой неизгладимый памятник. Открытие мемориальной доски в образовательном комплексе, известном в стране как «ГИДРО», – яркое тому подтверждение, – сказал Талгат Ильясович.

3

Марс Уркимбаев, ставший ректором института в 30 лет, ярко продемонстрировал свои высокие управленческие способности за годы работы в других сферах. Современники не уставали вспоминать о его блестящем характере, который многих убеждал в своих идеях и вдохновлял других. О мужественных и предприимчивых подвигах Марса Фазыловича рассказали почетный гражданин Жамбылской области Сагынхан Амрекулов, академик Национальной академии Казахстана Ускенбай Мадиев, секретарь Таразского городского маслихата Батырбек Кулекеев.

Брат академика Болат Фазылович рассказал, как получил разрешение на строительство нового учебного корпуса в Жамбылской области. Это был архитектурный проект Советского Союза в Индии. Марс Уркимбаев доказал москвичам, что по этому проекту можно построить здание в Таразе. Так, в Жамбылской области и был построен уникальный учебный корпус под названием «Гидрокомплекс». Теперь в комплексе пишется имя автора инициативы.

6

5

2022 жылғы 18 ақпанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің М.Ф. Үркімбаев атындағы жастар сарайында «Бүркіт» полициямен бірлескен студенттік жасағы ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық және Ұлттық Инженерлік академиясының академигі Марс Фазылұлы Үркімбаевқа арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Басқарма Төрағасы-университет ректоры Талғат Ешенқұлов, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағынхан Әміреқұлов, Қазақстан Ұлттық Академиясының академигі Өскенбай Мәдиев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев сөз сөйледі.

Рәсім гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

 

17 февраля 2022 года старшим куратором кафедры «Водные ресурсы» Института водного хозяйства и природообустройства Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати  Кожамкуловой Г.Е. и куратором 2 курса  Койшибаевой Г.Д.  была организована встреча студентов и магистрантов всех курсов образовательных программ «Водоснабжение и водоотведение населенных пунктов», «Гидротехнические сооружения и сооружения», «Управление водными ресурсами», «Водные ресурсы и водопользование» с сотрудниками Комитета Национальной безопасности.

2022 жылдың 17 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының "Су ресурстары" кафедрасының аға кураторы Г.Е. Кожамкулова және 2 курс кураторы Г. Ж. Койшыбаева 6В08613- "Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру", 6В08614- "Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар", 6В08615 – "Су ресурстарын басқару", 5В080500- "Су ресурстары және суды пайдалану" білім беру бағдарламаларының 1,2,3,4 курс студенттерімен және магистрантармен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

ҰҚК қызметкерлері профилактикалық әңгіме барысында студенттер үшін өте өзекті тақырыптарды қозғады.

Осыдан 60 жылдай уақыт бұрын өзі іргесін қалаған сол кездегі Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының жаңа оқу корпусындағы Жастар сарайы бүгінде академик Марс Үркімбаевтың есімімен аталатыны жұртқа мәлім. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Гидрокешенінде» Мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық және ұлттық инженерлік академиясының академигі Марс Үркімбаевқа арналған мемориалдық тақта ашылды.

Бұл – білім мен ғылым жолында өлшеусіз еңбек етіп, жастардың келешегі үшін батыл қадамдарға барған азаматқа деген елдің құрметі. Игі іске ұйытқы болған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басшылығы осылайша өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп отыр.

2

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, университеттің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов қатысты. Дәулет Жамаубайұлы бүгінгі игі іс-шараның өңіріміз үшін тарихи сәт болып қалатынын атап өтіп, жоғары білім беру ісін дамытып, ғылымның өрістеуіне жол ашқан, түрлі салада басшылық қызметтер атқарып, ел экономикасын дамытуға үлес қосқан тұлғаның соңында өшпес ізі қалғанын сөз етті.

4

– «Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден. Көзіңді ашып жұмғанша. Жылдам хабар алғызды», деген ақын Абайдың өлеңі терең зерделегенге ой саларлықтай. Жастардың келешегі үшін білім алатын оқу кешенін салған Марс Фазылұлы шын мәнісінде, елдің ертеңін ойлаған азамат», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Университет ректоры Талғат Ілиясұлы сыртқы кедергілерді жеңе білетін, әлемдік өзгерістерге қарай, дамудың бағыт-бағдарын болжай білетін тұлғалардың ісі де ірі болатынын сөз етті. Марс Фазылұлының қанша жыл өтсе де ізі өшпейтіндей ескерткішті өзіне өзі қойып кеткен азамат екенін атап өтті.  

Бүгінде «Гидрокешен» десе, еске академик Марс Үркімбаевтың еске түсетіні, рас. Енді соның тасқа қашалған анықтама сол кешеннің қабырғасына ілініп отыр. 

– Қазіргі білім мен ғылым, қоғамдағы көкейкесті қозғалыстар туралы сөз етер болсақ, нар тұлғалы ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерінің еңбек жолы мен өмір жолы көз алдымызға келеді. Солардың қатарынан, өзіндік із қалдырған асыл азаматтар арасынан 10 жыл бұрын өмірден өткен Марс Үркімбаевтың есімі тасқа басқан таңбадай-ақ жарқырап тұрғанын көреміз. Ел келешегі үшін батыл бастама көтеріп, өзінің көзі тірісінде осындай өшпес ескерткіш қалдырып кеткен академиктің аты ел аузында қалды. Елімізге «ГИДРО» деген атпен танылған оқу кешеніндегі мемориалдық тақтаның ашылуы – соның жарқын дәлелі, - деді Талғат Ілиясұлы.

3

Отыздан енді асқан шағында институт ректоры болған Марс Үркімбаев  басқарушылық қабілетінің жоғары екенін басқа салаларда еңбек еткен жылдары да айқын көрсете білген. Оның өз идеясына көпті сендіре білетін, айналасындағыларды серпілтіп жүретін жарқын мінезі туралы замандастары жылы естелік айтудан жалыққан емес. Іс-шараға арнайы келген Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағынхан Әміреқұлов, Қазақстан ұлттық академиясының академигі Өскенбай Мәдиев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев Марс Фазылұлының батыл да, бастамашыл істері жайлы әңгіме қозғап, естеліктерін айтты.

6

Ал академиктің інісі Болат Фазылұлы Жамбыл жеріндегі жаңа оқу ғимаратының құрылысын жүргізуге қалай рұқсат алғанын сөз етті. Жалпы бұл кезінде Кеңес Одағының Үндістанда жүргіземіз деген құрылыстың архитектуралық жобасы екен. Осы жоба бойынша ғимаратты осы Таразда салуға болатынын Марс Үркімбаев Мәскеудегілерге талай дәйекті келтіріп жүріп, дәлелдеп шыққан екен. Осылайша Жамбыл жерінде бірегей «Гидрокешен» деген атауға ие болған оқу корпусы бой көтерген. Енді міне, сол бастама авторының есімі сол кешенде жарқырап жазылып тұр.

5

ЗАҢ ҮСТЕМДІК ҚҰРСА, ӘДІЛЕТСІЗДІК ТЕ ЖОЙЫЛАДЫ

СПАНДИЯРОВ ЕРМАН СПАНДИЯРОВИЧКешегі Қаңтар оқиғасы ғана емес, бұған дейін де әртүрлі салада әділетсіздіктер орын алып келген. Сипаты әр басқа болғанымен, бәрінің түпкі себебі бір болатын. Ол – азаматтардың құқығын қорғайтын заңның солқылдақтығы немесе сол саладағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық. Сондықтан, жұрт Мемлекет басшысы атап өткендей, заң үстемдік құратын кезеңді күтеді.

Жалпы, қоғамдағы алаңдатқан мәселелер қандай сапада, қалай шешіліп жатқаны жария болмағаны – халықтың ашу-ызасын туғызады. Қоғам осы сұрақтарға толық жауап алуы керек. Кейбір кезде мемлекеттік органдар өз қызметін, қабылдаған шешімдерін, кейбір әрекеттерін түсіндіруге тырыспайды. Наразылықтың туындайтыны осындайдан. Сондықтан мемлекеттік аппараташық болуы керек. Қоғам мен билік қатар бір-бірімен тығыз байланыста болғаны жөн. Арақатынас алшақтаса, сенім де азаяды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігін қамтамасыз ету екенін баса айтты. Біздің қоғамда заңды мойындағысы келмейтін азаматтар бар екені рас. Бұл туралы Мемлекет басшысы: «Басқаша айтсақ, құқықтық нигилизм белең алуда. Ағаларымыз «Тәртіпсіз ел болмайды» депбаяғыдаайтқанболатын. Меніңұстанымым: қоғамдазаң мен тәртіпболсағана, ел ішіндеүйлесім, бейбітөмірболады», - деп атап өтті.

Заң –өркениетті қоғамның басты өлшеміне айналуы тиіс. Сонда ғана әділдік орнайды. Президенттің заң үстемдік құрғанда ғана әділетті қоғам қалыптасатынын бекер еске салған жоқ.

Ерман Спандияров
Дулати университетінің
профессоры


САЯСИ РЕФОРМАЛАР КЕЗЕҢІ

Шолак Абдугали АбильдаевичТоқыраулардан кейін міндетті түрде жаңа даму кезеңі басталатынын тарихтан білеміз. Тәуелсіз Қазақстанды да үлкен бетбұрыстар күтіп тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда сөйлеген сөзінде осы күзде жаңа саяси реформаларды жариялайтынын мәлім еткен болатын. Алайда Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында Мемлекет басшысы бұл жаңару жүйесін Наурыз айында халыққа Жолдауында ұсынатынын айтты.

Жаңа Қазақстанның негізгі бағдары болатын жаңа жүйенің Наурыз айында жариялайтыны үлкен үміт сыйлайды. Себебі, халқымыз үшін бұл ай – жаңа жылдың бастауы. Үлкен жақсылық күтеді. Ертеңнен үміт күтеді. Сондықтан, елді жаңа белестерге бастайтын өзгерістер жүйесінің тура осы айда жария етілетінін көпшілік жақсылыққа балап отыр.

–Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа Жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін. Сондықтан, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деп үндеу жолдадым. Онда айтылған мәселелерді көпшілік қолдап отыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұрады. Сондықтан, біз әрқайсымыз Отанымызды өркендетуге ұмтылуымыз керек.

Жобасы мен бағдары айқын жүйені енгізу үшін ұзақ уақыт күтудің қажеті жоқ. Өзгерістер батыл қадамнан басталуы тиіс. Ендеше, Президенттің жаңа саяси реформалары үлкен серпіліс әкеледі деп күтейік. Елдің болашағы жарқын болатынына сенейік!

Әбдіғали Шолақ
Дулати университетінің
профессоры

Әрбір азаматтың мемлекетшіл ұстанымы болмаса, өз елінің ертеңіне немқұрайлы қараса, ондай ой-тұжырыммен алысқа бара алмайтынымыз анық. Ол үшін билік пен бұқара арасындағы байланыс берік болуы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген ұстанымы – әр жауапты қызметтегі тұлғалардың санасында тұруы тиіс.Мемлекет басшысы Qazaqstan ұлттық арнасында берген сұхбатында Президент ретінде басқару жүйесінде осы ұстанымды нық ұстанатынын атап айтты.

Жалпы халықтың атқарушы билікке деген сенімін нығайту үшін де алдымен олардың айтарын ести білу керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Әрине, азаматтық қоғаммен, дербес сарапшылармен ауқымды диалог жүргізу керек. Өйткені, халықтың пікірі өте маңызды», - дей келе осыған байланысты Үкіметке тиісті ұсыныстар дайындауды тапсырғанын мәлім етті.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың өте жоғары болу керетігін ескертті. Облыс әкімдерін немесе министрлердің бәрін бірдей орнынан алмайтынын, білікті мамандардың тәжірибесін пайдалану керектігіне тоқталды. «Орысша «политическая чистка», яғни «саяси тазалауға» барудың қажеті жоқ. Мемлекеттік басқару саласына бірте-бірте жаңа мамандар келеді. Келіп те жатыр. Бұл – қалыпты үдеріс. Бірақ, бір нәрсені есте ұстаған жөн. Мемлекеттік қызмет – эксперимент  алаңы емес! Сондықтан бұл жұмысты бірте-бірте жүргіземіз, – деді Президент.

Басқару жүйесінде көп нәрсе білікті кадрларға байланысты екені түсінікті. Сондықтан, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша құрылған Президенттік жастар кадр резервіне баса мән берген жөн. Бұл әділ де сатылы өсу жүйесі екенін жастарға насихаттауымыз керек. Қоғамдағы «Тамыр-танысың болмаса, қызметке бара алмайсың» деген түсінікті жою үшін де осы жүйенің тиімділігін, шын мәнісінде талантты, білімді жастарға жол ашылғанын көрсетуіміз қажет. Қазірдің өзінде кадрлық резервке өткен азаматтар біртіндеп жауапты қызметке тағайындалып жатыр. Бұл нақты мысал.

Жастардың бойына сіңіретін тағы бір қасиет – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, еңбекқорлық. Еңбек пен біліктіліктің идеологиясын көтеру – қазіргі қоғам үшін аса қажет. Біздің жастарымыз еңбекқор, жұмысқа адалдығын көрсетсе, бұл экономикаға ғана емес, қоғамның оң өзгерісіне әсер етеді. Өскелең ұрпақ масылдықтан, жалқаулықтан алшақ болуы тиіс.

Кез келген еңбекті жоғары бағалануы тиіс. Еңбекқорлықтың лайықты бағасы барын жастарға көрсетіп, үлгі етуіміз керек. Сонда ғана олардың таза, адал еңбекке деген, ертеңге деген сенімі артады. Жалпы кез келген істе соңымыздан ерген жас буынның біздің ізімізді басып келе жатқанын ұмытпауымыз керек. Жастар көргенін қайталайды. Сондықтан, Жаңа Қазақстанның ертеңгі иелеріне жақсы өнеге көрсетуді ойлайық.

Талғат Ешенқұлов,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры.

Жұма, 18 Ақпан 2022 03:56

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ КӨШБАСШЫСЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.А. Қонаевтің 110 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы көшбасшысы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Өткізілген іс-шараға университетіміздің студенттерімен қатар қаламыздың өзге оқу орындарының студенттері және мектеп оқушылары қамтылды. Конференцияда ұлы тұлғаның өмірі мен мемлекеттік қызметі, оның республикамыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, саяси және құқықтық көзқарастары туралы естеліктер айтылды. Мақсаты: Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің халқы үшін аянбай еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өзінің зор үлесін қосқан еңбегі туралы жастарымызға дәріптеу, олардың бойында патриоттық сезімдерін ояту.

Бейсенбі, 17 Ақпан 2022 17:38

СТУДЕНТТЕРМЕН ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мобильдік жұмыс тобының профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы, Абдрахманова Айгуль Турсынбаевна, Райкулов Қанат Ешенқұлұлы, Исабекова Гүлнұр Болатбековна, университет көмекші бөлімінің медбикесі Асанова Аида Құралбекқызы, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ултанбаев Арнат Бегдалыұлы «Өнер және спорт» факультетінің 1-2 курс студенттеріне құқық бұзушылықтың және нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу, діни экстремизм көріністерін және діни көзқарастарына талдау жасау, сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон режимін сақталуын қадағалау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

17 февраля 2022 года по инициативе факультета «Спорт и искусство» в учебном корпусе 5.1-111 была организована встреча на тему «Жизнь человека ценнее всего» с целью профилактики правонарушений и религиозного экстремизма среди молодежи. В данной встрече приняли участие сотрудники Управления полиции города Тараз, Центра религиоведения в составе Департамента по воспитательной работе и социальным вопросам, заместитель декана по воспитательной работе факультета «Спорт и искусство» и студенты 1, 2-курса. Важность формирования у молодежи правовой и религиозной грамотности заключается в том, чтобы они не подвергались преступной деятельности, не подвергались влиянию нетрадиционных религиозных течений и самостоятельно принимали правильные решения в решении жизненных проблем. В конце встречи продолжился вопрос-ответ. Количество участников-70.

185 бет. Барлығы: 454
Top