Super User

Super User

14-января 2022 года Центром религиоведения была проведена групповая и индивидуальная встреча со студентами общежитий №2, 3 по духовно-нравственному воспитанию. В ходе встречи Б.Алпысбаев сказал студентам, как сказал Магжан Жумабаев «Кто любит себя, кто любит родных, кто любит свою страну, тогда мы говорим, что этот человек добр», прививая духовно-нравственные ценности на протяжении поколений, воспитывая в социальной среде доброту, доброжелательность, формирование позитивного отношения молодежи к жизни, должен стать ключевым вопросом сегодняшнего дня. Студенты задавали вопросы, на которые были даны ответы.

2022 жылдың 14-қантарында Дінтану орталығы тарапынан №2, 3 жатақхана студенттерімен рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытында топтық және жеке кездесу жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында Б.Алпысбаев студенттерге алаштың ардақтысы  Мағжан Жұмабаевтың «Кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі дейміз» деп айтқандай, рухани-адамгершілік құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, әлеуметтік ортадағы мейірімділік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу, жастардың өмірге оң көзқарастарын қалыптастыру бүгінгі нақтылықтың негізгі мәселесіне айналу керектігін атап өтті. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

С 5 по 22 января проводится прием документов для перевода с другого ВУЗа.

Для перевода с другого вуза студенту необходимо отправить электронные копии документов и дополнительную информацию о переводе на почту университета.

Все подробности: 55-67-20, 8 747 412 57 48

2

Бейсенбі, 13 Қаңтар 2022 11:16

Академическая мобильность

Академическая мобильность – это перемещение обучающихся или  преподавателей - исследователей на определенный академический период (включая прохождение учебной или производственной практики), как правило, семестр или учебный год,  в другое высшее  учебное  заведение  (внутри  страны или за рубежом) для обучения  или  проведения исследований, с обязательным перезачетом в установленном порядке освоенных образовательных программ в виде кредитов в своем вузе.

Международная (внешняя) академическая мобильность – это обучение студента в зарубежных вузах с учетом его потенциальных возможностей и способностей адаптироваться к системам обучения в различных учебных  зарубежных вузах в целях продолжения образования, а также работа преподавателей – исследователей в зарубежных образовательных или научных учреждениях.

В программе международной  академической мобильности  могут принимать участие!
- докторанты 2- 4 семестре;
- магистранты 2 - 3 семестре;
- студенты 3 -6 семестре;
• Владеющие английским языком (необходимо для заявителей желающих обучаться в вузах-партнерах из дальнего зарубежья  Европа, США и в странах Юго-Восточной Азии);
• Не имеющие академических и финансовых задолженностей на момент подачи документов;
• Имеющие средний балл успеваемости (GPA) не ниже 3,30 за период обучения;
• Принимающие активное участие в общественной жизни университета.

Список необходимых документов для участия в международной академической мобильности:
1. Заявление (Заполняется в Центре международного сотрудничества);
2. Транскрипт на трех языках (каз. русс. англ.);
3. Рекомендательный письмо от имени директора института/декан факультета;
4. При наличии документ, подтверждающий знание иностранного языка IELTS или TOEFL (необходимо для заявителей желающих обучаться в вузах-партнерах из дальнего зарубежья Европа, США и в странах Юго-Восточной Азии);
5. Грамоты, дипломы и сертификаты (копии);
6. Копия заграничного паспорта и удостоверение личности;
7. Документы подтверждающий факт принадлежности к следующим категориям лиц (для заявителей ):
-дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей - документ, подтверждающий отсутствие родителей у ребенка;
-инвалиды с детства и дети-инвалиды;
-дети из многодетных семей - свидетельство о рождении четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей или копия решения суда об усыновлении;

8. Резюме на трех языках (каз. русс. англ.);

9.Характеристика от имени куратора;

10. Индивидуальный учебный план студента за планируемый семестр;

11. 3х4 фото 4 шт.

Национальная (внутренняя) академическая мобильность (казахстанские вузы-партнеры) – это обучение обучающихся, а также работа преподавателей – исследователей, в ведущих казахстанских вузов. При этом вуз – партнер и его образовательные программы должны быть аккредитованы и внесены в Реестр аккредитованных организаций образования и аккредитованных образовательных программ.

 В программе национальной   академической  мобильности  могут принимать участие!
- докторанты 2- 4 семестре;
- магистранты 2 - 3 семестре;
- студенты 3 -6 семестре;
- студенты могут подать заявку на втором и на седьмом семестре по семейном обстоятельствам и в связи с состоянием здоровья.

Не имеющие академических и финансовых задолженностей на момент подачи документов;
Имеющие средний балл успеваемости (GPA) не ниже 3,0 за период обучения;
Принимающие активное участие в общественной жизни университета.

Список необходимых документов для участия в национальной   академической мобильности:
1. Заявление (Заполняется в Центре международного сотрудничества);
2. Транскрипт;
3. Рекомендательный письмо от имени директора института/декан факультета;
4. Грамоты, дипломы и сертификаты (копии);
6. Копия удостоверение личности;
7. Характеристика от имени куратора;
8. Индивидуальный учебный план студента за планируемый семестр;
9.
3х4 фото 4 шт.

Прием документов для участие в программе академической мобильности осушествляется в два раза в год.

1. с 1 февраля по 5 марта

2. с 1 октября по 5 ноября

Документы для участия необходимо подать в Центр международного сотрудничества Университета Дулати по адресу г. Тараз, улица Сулейменова, 7, (301 кабинет).

Студенты, обучавшиеся за границей в 2021 году в рамках программы академической мобильности

Студенты, обучавшиеся за границей в 2022 году в рамках программы академической мобильности

Студенты, обучавшиеся за границей в 2023-2024 году в рамках программы академической мобильности

Внутренняя академическая мобильность студентов 2023-2024 гг.

Внешняя академическая мобильность студентов 2023-2024 гг.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ресей Федерациясының «Ғылым және технология жылы» аясында «Оқытудағы заманауи білім беру технологиялары» Халықаралық ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің «Орыс тілі:оқытудағы заманауи білім беру технологиялары» және Қазақстанның М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ҚР БҒМ тарапынан гранттық қаржыландыру есебінен жүргізіліп жатқан АР09259497«Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы коллаборациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинарға Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елизова Елена Ивановна және мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, доцентЛанцевская Надежда Юрьевна және Қазақстанның танымал ғалымдары, жалпы орта білім беретін мектептің басшылары, әдіскер-мұғалімдер, болашақ педагогтер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

2

Семинар барысында «Білім берудегі инновациялар» тақырыбына шебер-сынып ұйымдастырылып, ақпараттық-коммуникациялық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технолоиясы , жобалау оқыту технолоиясы , денсаулықсақтау технолоиясы , ойынтехнолоиясы, модульдық технолоия, кейстехнолоиясы , ынтымақтастық педагогикасы,деңгейлеп оқыту технолоиясы , дебат-технолоиясы және интерактивті оқыту технолоясы жан-жақты сараланды.

Семинар аясында «Сабақтың әр кезеңіндегі заманауи интерактивті әдістер мен тәсілдер:инновациялық технологиялар» тақырыбына педагогикалық тренинг ұйымдастырылып орыс тілі пәні мысалында оқу процесіндеинновациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары зерделенді.

3

Халықаралық ғылыми-практикалық семинарда «Болашақтағы ЖОО» тақырыбындағы

жобалау техологиясын негізге алған форсайт-технологияның мәні жаңа мазмұнда ашылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар аясында ресейлік ғалымдарЕлизова Елена Ивановна және Ланцевская Надежда ЮрьевнаТараз қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларымен кездесіп, дебат ұйымдастырды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинарда ресейлік және отандық ғалымдар оқу процесіне инновациялық технологияларды ұтымды таңдау, ендіру және білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша іс-тәжірибе алмасты.

3

Халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Қазақстандық және ресейлік ғалымдардың коллаборациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ұйымдастырылған тағылымы мол семинар креативті педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға өз үлесін қосты.

Клара БУЗАУБАКОВА

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор

Подведены итоги конкурса образовательных грантов по докторантуре, которые были организованы впервые в 2021 году в дополнительно зимнем конкурсе. По итогам зимнего конкурса PhD докторантуры, следующие 3 докторанта, стали обладателями образовательного гранта Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати:

ФИО

Наименование образовательной программы

Балы экзаменов

1

Асылбек Мамыр Мұхтарбекұлы

8D07411-Гидротехническое строительство и сооружения

78

2

Орынбасар Темірлан Жайдарұлы

8D08612-Мелиорация и орошаемое земледелие

86

3

Омарова Назерке Муратовна

8D08612-Мелиорация и орошаемое земледелие

78

2021 жылы алғаш рет қосымша қыста ұйымдастырылған білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижесі белгілі болды. Қысқы конкурс қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің PhD докторантурасы бойынша келесі 3 докторант мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды және 1 курсқа оқуға қабылданды:

Аты-жөні

Білім беру бағдарламаының атауы

Емтихан балы

1

Асылбек Мамыр Мұхтарбекұлы

8D07411-Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар

78

2

Орынбасар Темірлан Жайдарұлы

8D08612-Мелиорация және суғармалы егіншілік

86

3

Омарова Назерке Муратовна

8D08612-Мелиорация және суғармалы егіншілік

78

Қаралы қаңтар оқиғасына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, шұғыл жағдай болмаса, көпшілік үйінен сыртқа шығуға үрейленіп қалғаны жасырын емес. Аға буын, әсіресе, жасөспірімдер мен жастарды көшеге шықпауға үндеп, қақтығыстар кезінде жазықсыз соққыға ұрынып қалудан сақтандырғаны белгілі.

Осындай қиын-қыстау шақта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Электрэнергетика» кафедрасы Мемлекет басшысының «Күшіміз бірлікте» Үндеуіне үлес қосу мақсатында оқу орнының №2 жатақханасының студенттеріне арнап дастархан жайып, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Онлайн төлемдер уақытша тоқтатылып, азық-түлік дүкендері тек қана қолма-қол саудаға көшіп, комменданттық сағат уақыты ұзарған шақта мұндай іс-шара жастарға аса үлкен көмек болғаны сөзсіз.

Кафедра меңгерушісі Б.Қожагелдінің басқаруымен кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы ұйымдастырған мұндай игілікті іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сәрсенбі, 12 Қаңтар 2022 13:34

ОҚЫТУШЫЛАР ДА – ДОНОР

Қиын шақта айналаңдағыларға қол созып, көмектесу – имандылықтың ең ізгі көрінісі. Қазір көпшілік кешегі террористік әрекеттердің салдарынан соққыға жығылып, оққа ұшқандардың жағдайына алаңдаулы. Олардың арасында жақын-туыстарына донор іздеп, таныстарына хабарласып, шарқ ұрып қалғандар да көп. Дәрігерлер де жұртты қан топтары бойынша донорлық қор қалыптастыруға шақырған еді.

Мұқтаж жанның амандығы үшін қан тапсыру да – қайырымды іс. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Электрэнергетика» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы облыстық қан орталығына барып, қан тапсырып, игі іске өз үлестерін қосты. Олар осылайша, елімізде болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан зардап шеккен жерлестерімізге көмек көрсету мақсатында ерікті донор болды.

Хан орталығы 01

Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы

СЫН САҒАТТАР БАРШАМЫЗҒА САБАҚ БОЛСЫН
Сын сағаттар туғанда көкейде туған көп күмәннің бірі – «тәуелсіздігімізді сақтап қала аламыз ба?» деген сауал болғанын несін жасырамыз?! Себебі, халықтың бейбіт шеруін беймәлім топ өз мүддесіне пайдаланып кетуге ұмтылғаны бірден байқалған болатын. Жұрт талабын жеткізді, билік оны естіді. Соған сай шешімдер қабылданатыны да жария етілді. Алайда, алаңсыз жұрттың мазасын қашырған басбұзарлардың әрекеті үрейімізді ұшырды.

Жалпы бұл оқиға елімізде жүйелі және шынайы өзгерістер қажет екенін көрсетіп бергенін де жоққа шығара алмаймыз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі отырысында ұзақ уақыт бойы қоғамда талқыланып келген аса маңызды мәселелерге жеке-жеке тоқталғаны да, сондықтан.

Елдегі саяси реформаларға бей-жай қарамайтын азамат ретінде айтарым, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік басқару жүйесінің қайта құрылы керек екендігі айқындала бастаған. Ал күштік құрылымдарды реформалау және армиямыздың әскери әлеуетін арттыру мәселесінің өзектілігі – айтпаса да түсінікті жайт.

Жалпы алғанда Президент ұсынған іс-шаралар жүйелі сипатқа ие. Олар мемлекеттік басқару жүйесін, экономиканың құрылымын, әлеуметтік саланы түбегейлі өзгертуге, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған.

Тұрсынай Абдықадырова,
М. Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д, профессор


Ултанбаев АрнатЖАСТАР ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Кез келген әлеуметтік түйткілдің түпкі себебі жұмыссыздықта жатыр. Әсіресе, жастарды, әлеуметтік тұрғыда қолдауды қажет ететін санаттағы азаматтарды нәтижелі еңбекпен қамту мәселесі өте өзекті. Жас мамандар қолына диплом алған соң қайда барарын білмей, сандалып қалмауы тиіс. Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік туралы сөз қозғап, Үкіметке әлеуметтік кодекс қабылдауды тапсыруының мәні осында жатыр деп ойлаймын.

Президент әлеуметтік кодекс жаңа «қоғамдық шарттың» негізгі элементі болуы тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ жұмыссыздықты, әсіресе жастарды жұмыспен қамтуға баса көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Жалпы жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері, әсіресе, арнайы кәсіби біліктілігі жоқ жастарға тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың қиын екендігі белгілі. Алпауыт компаниялар мен ірі өндіріс орындары  тәжірибесіз мамандарды жұмысқа алудан қашады. Кей жағдайда еңбек ауыр, талап қатаң болғанын, еңбекақының аз екенін алға тартып жастардың өзі бір жерде тұрақтамай жатады.

Жас кадрлардың алғашқы еңбек тәжірибесін жинап әрі табыс табуына мүмкіндік арнайы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қарастырылғаны рас. Алайда айлық жалақысы төмен. Президент Үкіметке жас мамандардың алғашқы жұмыс орны жобасы - «Жастар практикасының» мерзімі мен еңбекақы мөлшерін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырғаны – бізді қуантты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жастардың және халықтың осал топтарының іскерлік бастамаларын іске асыру үшін жағдай жасауды тапсырғаны – ертеңге деген сенімімізді нығайтып отыр.

Арнат Ұлтанбаев,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі

199 бет. Барлығы: 454
Top