
Super User
НА ПУТИ СТАБИЛИЗАЦИИ РЕШИТЕЛЬНЫМИ МЕРАМИ.
Коллектив технологического факультета Таразского регионального университета им. М.Х.Дулати смотрел прямую трансляцию выступления Касым-Жомарта Кемелулы на заседании Парламента.
Трагические события в начале 2022 года показали, что ключевой цельютеррористов была дезорганизация институтов государственного управления, подрыв конституционного строя, в конечном итоге захват власти путем государственного переворота. Касым-Жомарт Токаев во время выступления в Мажилисе отметил, что у представителей властных структур сформировалось искаженное представление о жизни людей, их чаяниях и запросах.По сути откровенно надо сказать, что произошел заметный отрыв исполнительных органов от трудных реалий, чаяний и потребностей граждан, что очень сильно обострило проблемы неравенства, которые усугублялись из года в год, налицо сильное имущественное расслоение в обществе, насущные проблемы граждан не решены и нет попыток их решить. Даже при реализации Цифрового Казахстана госорганы по-прежнему умудряются по выражению Президента «плодит макулатуру и бессмысленную переписку». В период пандемии все совещаний проводились в онлайн-формате, это должно стать нормой. Эти меры должны решить устранение бюрократизации госаппарата посредством конкретных функций мониторинга и реализации мер по дебюрократизации и повышению эффективности госаппарата.
Президент отметил, что ключевыми выгодоприобретателями экономического роста стали финансово-олигархические группы, которые практически ограничили развитие свободного рынка и снизили конкурентоспособность страны. Вопиющим является факт, что «Банк развития Казахстана» по сути превратился в личный банк для избранного круга лиц, представляющих финансово-промышленные и строительные группы.
Исходя из сказанного, Президент акцентировал, что обеспечение благополучия и качество жизни – главная задача государства, которые надо перевести в плоскость реальных дел. Токаев К.К. внес предложение объявить пятилетний мораторий на повышение заработных плат членов правительства, акимов регионов и депутатов, отметив что при этом все члены правительства должны регулярно выезжать в регионы, а акимы регионов обязаны проводить постоянные встречи с жителями каждого населенного пункта.При этом пристальное внимание должно обязательно уделяться всем отдаленным населенным пунктам.
Работников сферы высшего образования обрадовала инициатива Президента по открытию филиалов зарубежных университетов, его предложение о том, что в высшем образовании приоритет должен быть с уклоном на технические специальности, что должно продвинуть сферу переработки и промышленности в целом для поднятия экономики. Для решения вопроса доступности высшего образования, поставлена задача по выделению целевых грантов для молодежи из густонаселенных регионов страны.Для построения новой экономики важно повышение конкурентоспособности вузов, это первостепенная задача работников высшего образования.
Говоря о занятости молодежи, Касым-ЖомартКемелович озвучил очень злободневную проблему: наши молодые люди подвергаются влиянию маргинальных групп как раз из-за отсутствия занятости, малой возможности заниматься спортом и недостаточного развития кружков и секций, не всегда имеют возможность трудоустроиться на постоянные рабочие места, перебиваясь случайными заработками, некоторые в поисках дохода могут переступить закон.В этой связи поставлена задача не отлагая активизировать и усилить работу в этом направлении для улучшения ситуации, дано поручение увеличить заработную плату и сроки по программам «Молодежная практика» и «Первое рабочее место».
Решительное заявление Токаева К.К. по реформам в Казахстане воодушевило всех! Главным является четкое исполнение новым Кабинетом Министров задач,поставленных Главой государства в установленные сроки! Поддерживаем полностью!
Әнуарбек Әймен
декан технологического факультета университета Дулати
почетный гражданин города Тараз
МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕ БӘРІНЕН БИІК ТҰРУЫ ТИІС
Қазіргідей әлемдік даму тенденциясы тоқырау алдында тұрған қиын-қыстау кезеңде біз сырттан келер қауіп-қатерді мейлінше, кең сараптай білуіміз керек. Алып-қашпа сөзге ермейтін, өзіндік пікірі, ұстанымы бар қоғам қалыптастыру – негізгі міндет. Әсіресе, ақпараттық шабуылдарға төтеп беретіндей сананың ашықтығы қажет. Жастарға айтар ақыл, көрсетер өнегеміз де сол болуы тиіс. Қаралы қаңтар оқиғасынан баршамыздың түйген ойымыз – осы.
Қаңтар оқиғасы қиын-қыстау кезеңде елдік мүдденің бәрінен биік екенін көрсетіп қана қоймай, дәл осындай күрделі шақта дер кезінде дұрыс шешім қабылдаудың қаншалықты қиынға соғатынын ұқтырды. Әр қалада, әр өңірдегі бейбіт шеру бейберекетсіздікке ұласқанда елімізде жедел төтенше жағдай жарияланып, күштік құрылымдарды антитеррорлық әрекеттерге жұмылдырылды. Бұл қадам өз нәтижесін берді. Қазір айналамыздағы елдердің көбінде саяси ахуал мейлінше шиеленісіп, халықаралық жағдай күн өткен сайын күрделене түсіп отырған кезеңде жеті өлшеп, бір кесу – әр елге керек ұстаным. Әсіресе, сыртқы саясатта көп векторлы бағыт ұстанатын еліміз арандатушылық әрекеттерге ұрынудан сақ болуы тиіс. Әрине, бұл ретте ішкі тұрақтылықты сақтау – аса маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында бүкіл құқық қорғау саласына қажетті реформа жасалатынын, әрбір құрылымда түбегейлі өзгерістер болатынын атап өтті.
Жалпы құқықтық салада ғана емес, экономиканың барлық саласын үлкен реформалар күтіп тұр. Парламент Мәжілісінің отырысында мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, қаржы, түптеп келгенде халықтың әлеуметтік хал-ахуалына тікелей әсер ететін барлық салаға серпін беретінін жаңалықтар мен талаптар туралы айтылды. Жастар арасындағы жұмыссыздық пен әлеуметтік теңсіздікке әкеліп соғар мәселелердің де шешімді жолы айқындалды. Мәселен, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасындағы жас мамандардың ең алғашқы еңбек тәжірибесін алатын «Жастар практикасы» бағытына да бірқатар өзгерістер енгізілмекші. Соның бірі – бағдарлама аясында тәжірибеден өтетін түлектердің айлық жалақысының көбейетіндігі.
Президен Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудің жоғары сатысы да үлкен өзгерістерге бейім болуы керек екенін атап өтті. Оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттыруға, білікті кадр даярлауға басымдық беру қажеттігін ескертті. Алыс-жақын шет елдердегі таңдаулы оқу орындарының филиалын өз елімізде ашу туралы тапсырма берді. Енді 2025 жылға дейін Қазақстанда шетелдің озық университеттерінің 5 филиалы ашылады. Оның екеуі еліміздің батыс аймағында ашылып, техникалық бағытта мамандар даярлауы тиіс.
Барлық салада істің ілгерілеуі – кадрға байланысты. Мемлекет басшысы атап өткендей, білім берудің орта сатысында мектептерді қанша жерден материалдық-техникалық жабдықтап жатқанымызбен, білікті мұғалім даярламайынша, оқыту ісінде сапа болмайды. Сондай-ақ гуманитарлық мамандықтарды оқытудан бұрын техникалық бағытта білім беру мәселесі туралы мықтап ойланатын кез келгенін мойыдауымыз керек. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығындағы қазіргі қажеттілікті, алдағы он жылда туындауы мүмкін сұраныстар бойынша сараптама жасап, сол бағытта маман даярлауға кірісуіміз керек.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік мүдде таразы басына түскен шақта дұрыс әрі жедел шешім қабылдап отыр. Себебі, Тәуелсіздік – саяси ойындарда немесе мүдделер қақтығысында талқыға салынбайды. Ол халықтың баға жетпес құндылығы!
Талғат Ешенқұлов,
М. Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры.
ПОДДЕРЖАНИЕ СТАБИЛЬНОСТИ – НАШ ОБЩИЙ ДОЛГ
Трагедия, произошедшая в нашей стране, сломала всех нас. В результате зверств, совершенных террористами, повреждены многие социальные объекты, государству нанесены огромные убытки.
Благодаря Президенту Касым-Жомарту Токаеву и силовым органам ситуация в регионах стабилизируется. Вчера в Послании к нации Президент настоятельно предупредил, что антитеррористические меры принимаются, поэтому отступать рано.
Известно, что в Жамбылской области объявлено чрезвычайное положение и введен комендантский час. Поэтому я призываю жителей нашего региона не терять рассудок и держаться подальше от провокаторов. Особенно не следует подвергать таким действиям нашу молодежь, за которой будущее нашей страны.
Казахстан – наша общая родина. Поэтому вредить ему не почетно. В мире так много стран, которые потеряли свой покой и даже свою свободу. Поэтому, если мы хотим сохранить независимость, доставшуюся от крови наших храбрых предков, необходимо предотвращать подобные ситуации. Все мы обязаны уважать стабильность нашей страны, которая качается в колыбели мира.
Талгат Ешенкулов,
Ректор - Председатель правления
Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати
БІЗДІҢ КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ, ЖАСТАР!
Елден тыныштық кетсе, жұрттың берекесі қашатынын осы соңғы күндерде анық көзіміз жетті. Елдегі ахуалға байланысты Тараз қаласында да шектеу шаралары енгізілгені белгілі. Бұл террорлық актіге қатысы барларларды тұқыртуға бағытталған шешім болғандықтан, біз, әрқайсымыз ортақ талапты сақтауымыз керек. Бейбіт күнде ата-анамыз, бауырларымыз, жақындарымыз бұрынғыдай бейқам өмір сүруі үшін дәл осы кезеңде баршамыз тәртіпке бағынуға тиіспіз.
Басбұзарлардың жолына қазірден тосқауыл қойылмаса, күні ертең бұл жағдай қайталанбасына кім кепіл?! Коменданттық сағат режимінің енгізілгені де содан. Жаңаөзен жұрты ортақ талаптарын айтып, алаңға шыққан алғашқы күннен-ақ қоғам белсенділері жастарға «арандап қалмауды» мықтап ескертті. Көпшілік ортаға бұзық пиғылдылардың араласып кетпеуіне алаңдаумен отырды. Бұл қауіп бекер емес екен. Бейбіт халықтың тілеуін теріс пиғылдылар ақыры бұзып тынды.
Әлеуметтік желіде жастар туралы да түрлі қауесет тарады. Елдегі жағдайды БАҚ құралдары дәйекті жеткізуде. Соның барлығын біз қаперге алып, тек ресми ақпараттарға сенім артқанымыз дұрыс. Бірақ, біз, жастар – елдің ертеңгі болашағы ретінде қазірден жұдырықша жұмылып бір болуымыз керек. Еліміздің сан аймағынан еріктілер жиналып, қоғамдық жұмыстарға араласып кетті.
Ел короновирус індетімен алысып жатқан тұста күтпеген жерден лап қойған лаңкестік топтың әрекеті баршамыздың арқамызға батты. Бұл тұрақтылық пен келісімді сақтап, мамыражай өмір сүріп жатқан халқымыздың басына түскен үлкен нәубет екені де даусыз. Қазір мемлекетіміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуде атап көрсеткендей, лаңкестерді құрықтауға үлкен күш жұмылдырылып отыр. Террористерді құрықтау шараларына байланысты, кейбір байланыс түрлері шектелгендіктен еліміздегі әр тұрғынның жеке нөміріне туған-туыстарымен хабар алмасу үшін бонустар берілді. Kaspi.kz қосымшасы да жұмыс істеп тұр. Қаладағы дүкендерде азық-түлік қоры жеткілікті.
Қазір жұрттың тілегі - елде тыныштықтың қайта орнауы. Біз бұған баршамыз атсалысуымыз керек. Әсіресе, комендаттық сағатты сақтай отырып, ауызбіршілігімізді көрсетуге, біз жастар мүдделі болуымыз қажет.
Сапарбай КЕРІМБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің Жас Отан жастар қанатының бөлімше орынбасары
БЕЙБІТ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН
Алыс-жақын шет елдердегі орын алған қызылды-жасылды төңкерістердің салдарының қарапайым халық үшін қаншалықты ауыр соққанын баршамыз білеміз. Халықтың бейбіт үнін, ортақ талап-тілек білдіріп, ұйысуын басбұзарлардың өз пайдасына шешіп кеткенін көріп, қатты қынжылдық. Өз қалаңда, өз еліңде көшеде еркін басып жүре алмаудың қандай қиын екенін түсіндік. Теріс пиғылдылардың әрекетінен бейқам тыныштығымызды қашырды. Ал оның соңы қандай әлеуметтік кедергілерге әкеліп соққанын бәріміз көрдік.
Ел ішіне іріткі салғандардың іс-әрекетін жеңіл саралауға болмайды. Бұл түптеп келгенде мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қауіп төндірді. Террорлық әрекеттерден бейбіт халық көп зардап шекті. Қазір мемлекетімізде Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыстар атқарылып жатқандығы баршамызға мәлім. Ең бірінші кезекте ел тұтастығын, тұрақтылығын сақтау аса маңызды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде бейбіт шеруде қойылған талаптардың бәрі ескерілетіндігін және диалогтың нәтижесінде компромиске келіп, өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер қабылданатындығын жеткізді.
Қазір елімізде төтенше жағдай жарияланды. Барлық өңірлердегідей біздің қаламызда комменданттық шектеулер енгізілген. Бұл біреудің құқығын шектеу емес, керісінше әрбір тұрғынның конституциялық құқықтарын қорғап, тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қадам. Біз, жастар, арандату мен түрлі ұрандарға ермей, заңға және өз елімізге деген адалдықты сақтауға күш салуымыз қажет. Себебі, бейбіт елдің ғана болашағы жарқын. Ауыр кезеңде қара жамылған қазақ елінің күші - бірлікте. Халқымыз аман, ел іргесі тыныш болсын!
Әлихан Наргеев,
М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің студенті.
ЕЛ ЖАСТАРЫ ЕЛДІГІМІЗДІ МАҚТАН ЕТУІ КЕРЕК
Елімізде болған жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан әкімшілік ғимараттар бүлініп, кәсіпкерлік нысандар тоналды. Бұл, бірінші кезекте, бейбіт шеруге шыққан халықтың емес, арнайы дайындықтан өткен, алдын ала тыңғылықты жоспар құрған арам пейілді үшінші тараптың ұйымдастыруымен жасалып отырған әрекет екенін анық аңғартып отыр. Аталған содырлық шабуыл тек мемлекет билігіне емес, жалпы Қазақстан халқына қарсы жасалған қылмыс деп білемін.
Осыған орай, барша замандастарым мен құрбы-құрдастарыма арандатушылардың сөзіне ермей, төтенше жағдай талаптарына бағынуға және жалпы заңға қарсы әрекет жасамауға шақырамын. Қазіргі жағдайдағыдай сын сағатта тек ұлт ретіне ұйыссақ қана еліміздің конституциялық құрылымын бұзуға бағытталған лаңкестерге тойтарыс беріп, қайта бейбіт тіршілікке ораламыз.
Мемлекетіміз біз секілді жастардың, студенттердің дамыған елдердегідей озық білім алуға жағдай жасалып отыр. Сонымен қатар кедергісіз жұмысқа орналасып, алаңсыз еңбек етуге де мүмкіндік мол. Сол себепті арам пейілді қылмыскерлердің айтқанына еріп, айдауына ілігіп кетпей, Тәуелсіздігін тәңірдің берген тәтті сыйы деп білетін тыныш заманымызға қайта қол жеткізейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Ақарыс ӘУЕСХАН,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің белсенді студенті
ЖАСТАРДЫҢ ЖАТ ӘРЕКЕТТЕРДЕН САҚТАНҒАНЫ ЖӨН
Елімізде болған содырлардың ессіз әрекеті баршамызды күйзелтті. Жамбыл жерінде де содырлар салған сойқаннан қаншама боздақтарымыз қыршынынан қиылып, көптеген нысандарға зақым келді. Мұның барлығын көзімізбен көріп, бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп отырмыз. Түсінгенге өте ауыр қайғы. Мемлекет басшысының жедел шешім қабылдауының арқасында іс насырға шаппай, террорларға тез арада тойтарыс берілді. Дегенмен әлі де босаңсуға ертерек. Жер-жерде лаңкестердің жолын кесу операциясы жүргізіліп жатқандықтан коменданттық сағаттың ережесін сақтап, түнгі 23:00-ден кейін үйден шықпағанымыз жөн. Бұл ең әуелі өз қауіпсіздігіміз үшін және ел тыныштығының бұзылмауына қосқан тамшыдай үлесіміз болмақ. Әсіресе, біздің замандастарымыз, яғни жастар арандатушылардың айтағына ермей, тек нақты әрі ресми ақпаратқа ғана сенгендері абзал. Тәуелсіз еліміздің тірегі жастар екені сөзсіз. Сондықтан да олардың жат әрекеттерге бой алдыруы ешқандай ұшпаққа шығармайды. Керісінше жас буын мемлекетіміз бен еліміздің өркендеуіне атсалысып, қажыр-қайраттарын жұмсай білсе, ұтылмасымыз анық. Еліміздің іргесі берік, шаңырағы биік болсын!
Мақсұт Шалабек,
Дулати университетінің студенті,
Жамбыл облыстық «Қазақстан
волонтерлар лигасының» көшбасшысы
БІЗДІҢ КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!
Жыл өткен сайын еліміз әлеуметтік-экономикалық ахуалы жағынан нығайып, қуатты мемлекетке айналуда. Расында өткен отыз жылда жыртығымыз бүтінделіп, жоғымыз түгенделді, өзге елдермен тереземіз теңесті. Бұл жетістікке еліміз біріншіден, бірлік пен тұрақтылықтың, екіншіден, Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарлы қадамдарының нәтижесінде жеткені әмбеге аян. Осы жолда небір соқтықпалы-соқпақты, сындарлы кезеңдерді бірге еңсердік. Түрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында мамыражай өмір сүруі де бірлік пен тұрақылықтың жемісі. Өкініштісі сол, дәл қазір досқа адал ұлттың ортасына іріткі салатындардың жымысқы әрекетіне тап келіп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бейбіт шеруге шыққандандардың өтінішін назарға алып, құрылымдық күштерді лаңкестерді тұқыртуға жұмылдырып отыр. Осыған байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Бейбіт елдің шаңырағын ортасына түсіруді көксегендердің жолын кесу – негізгі мақсатқа айналды. Тараз қаласында да лаңкестік қылмыстың «қызыл» деңгейі жарияланып, коменданттық сағат режимі белгіленді. Яғни, қас қарайғанда сырта шығуға тыйым салынады. Өз кезегінде арнайы жасақ қарулы топты құрықтауға бар күшін салуда. Себебі террорлық әрекетке үлкен дайындықпен шыққандардың жолын қазірден байламаса, күні ертең не боларын болжап біле алмаймыз. Құрметті қала тұрғындары, осы жайыттың барлығын ескере отырып, коменданттық сағат режимін бұзбауға шақырамын! Бастысы, біздің күшіміз бірлікте екенін қаперден шығармайық!
Әнуарбек Әймен,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
технологиялық факультет деканы,
Тараз қаласының құрметті азаматы
ДӘЛ ОСЫ СӘТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІ ҚОЛДАУ АСА МАҢЫЗДЫ
Күні кеше еліміздің берекесін қашырып, шаңырағын шайқағысы келген террористердің сойқаны көпшіліктің жағасын ұстатты. Дегенмен қазір жағдай тұрақталып келеді. Қазақ халқы ауыр сынды бастан кешіріп жатыр. Адам шығыны да болды. Әр азамат тәуелсіздік алдында мемлекеттің тұрақтылығы үшін де жауапкершілігін арттыра түсті деп ойлаймын. Ел басына түскен ауыр жағдай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаткерлігі, қырағылығы арқасында ғана ауыздықталды. Өте қатерлі, ауыр күндерден өттік деуге болады. Жағдай әлі етекті кеңге салатындай емес. Қатер әлі де сейілген жоқ. «Жау жоқ деме жар астында» деп халқымыз бекер айтпаған. Дәл осы жағдайда арқа сүйер Президентіміз ғана болды. Оның батыл саяси қадамдарының арқасында үлкен қатерден, апаттан, керек десеңіз соғыстан ел аман қалғандай.
Қазір халық Мемлекет басшысына арқа сүйеп отыр. Осындай қиын сәтте стратегиялық серіктестеріміздің көмекке келуі де Мемлекет басшысының әлемдік қауымдастық алдындағы зор беделін айқын көрсетті. Халық Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси қадамдарына зор сенім білдіріп, қолдап отырмыз. Біз Президентімізбен біргеміз. Өзге отандастарымыз да осыны жете түсініп, Президентті қолдауы аса маңызды.
Сейтқазиев Әдеубай Садақбайұлы,
Дулати университеті "Мелиорация және агрономия"кафедрасының профессоры,
техника ғылымдарының докторы
ТҰРАҚТЫЛЫҚ - ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ
Елімізде орын алған оқыс оқиға жүрегімізге қатты батты. Бұл бұрын-соңды елімізде болмаған қасіретті күн. Бейбіт шерумен басталған бұл оқиғаның салдары дүмпуге ұласып, қаншама адам зардап шекті.
Алаңға шыққан адамдар мәселенің байыбын түсінбей жатып, ортаға іріткі салып жатқан бүлікші топтың өтірік сөздеріне иланды.
Елімізге төнген бұндай кесапаттың жолына тосқауыл болу мақсатында, тұрақтылығымыз сыналған мына бір шақта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге төтенше жағдай енгізіп, халыққа үндеу жариялады. Тиісті шешімдерді қабылдап та жатыр. Дегенмен әлі де болса коменданттық сағат режимін сақтамай жатқандар жетерлік. Сондықтан сабырға келіп, ессіз әрекеттерге бой алдырмаған жөн.
Елдің береке-бірлігін қашырып, Тәуелсіздігімізге қатер төндіретін амалды еңсеру ауызбіршілігімізге байланысты. Мемлекеттің басты байлығы – татулық пен тұрақтылықты сақтау бәріміздің міндетіміз деп білемін.
Орынқыз Джолдасова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Ұстаз" институтының директоры