Сандық Университет

Mooc дегеніміз не?

MOOC – оқу материалдарына ТЕГІН қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық онлайн курстар. MOOC бірқатар артықшылықтарға ие:

Курстар қаржылық және демографиялық жағдайына қарамастан барлығына қолжетімді;

Икемді курс кестесі, сіз қазір бастай аласыз және өз қарқыныңызбен оқи аласыз;

Басқа елдердің университеттерінің оқытушыларымен тәжірибе алмасу;

Жетекші әлемдік сарапшылардан білім алу мүмкіндігі;

Қазіргі, өзекті тақырыптар бойынша әртүрлі курстар;

Қазақстанда «Coursera Қазақ тілінде» бағдарламасы қолжетімді, оның аясында біздің студенттер әлемнің жетекші университеттерінің қазақ тіліне локализацияланған курстарынан өте алады. Бағдарламаға 3 жыл қатысу барысында біздің университеттің 6000-нан астам студенті платформада оқып, 7000-нан астам сертификат алды.

Сондай-ақ студенттер мен барша қалаушылар үшін Дулати Университеті өзінің МООК платформасын — moocs.dulaty.kz іске қосты, онда әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша 60-тан астам онлайн-курс орналастырылған.

Әрбір сертификат — жаңа білімге, мүмкіндіктерге және кәсіби өсімге бастайтын қадам. Болашақ сіздің қолыңызда!