Жаңалықтар

АРТА ЭКСПЕРТТЕРІ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

2025 жылғы 8 желтоқсанда жасалған №111-SA шарт негізінде 2026 жылғы 2 наурыздан бастап Дулати университетінде 2 кезеңмен мамандандырылған аккредиттеу өтті. Аккредиттеуге 9 кластерлерге біріктірілген 31 білім беру бағдарламасы қатыстырылды. Бұл үдерісті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) ұйымдастырды.

Аккредиттеуге жалпы саны 27 сыртқы сарапшы қатысты: оның 12-сі офлайн, 15-і онлайн форматта. Алғашқы күні сарапшылар университеттің жоғары басшылығымен, құрылым басшыларымен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, оқытушылармен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен интервью-кездесулер өткізді. Бұл сұхбаттарға жалпы саны 313 адам қатысты. Сондай-ақ, агенттік тарапынан студенттер мен оқытушыларға сауалнама жүргізіліп, оған 209 адам қатысты.

Бірінші және екінші кезең барысында сарапшылар кластерлер бойынша оқу-материалдық және өндірістік-практикалық базаларымен танысты, оқу үдерісін бақылады, ішкі нормативтік құжаттармен танысты. Сарапшылар бағдарламалардың өзін-өзі бағалау есептерін зерделеп, маңызды ұсыныстар мен ескертулер берді.

Қорытынды кездесуде сарапшылар университетіміздегі дамудың жағымды өзгерістерін атап өтіп, келесі бағыттар бойынша маңызды ұсыныстар жасады:

  • білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
  • ғылыми-зерттеулер мен жобаларға қатысу көрсеткіштерін арттыру;
  • академиялық ұтқырлық пен қос дипломды білім беруді дамыту;
  • түлектерді жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру;
  • жас кадрлар резервін қалыптастыру;
  • құрылымдық бөлімше басшыларына арналған оқу семинарларын ұйымдастыру;
  • университет сайтына ақпаратты дер кезінде жаңартып, қолжетімділікті қамтамасыз ету.

АРТА сарапшыларының кәсіби көзқарасы мен құнды ұсыныстары Дулати университетінің одан әрі тұрақты дамуына мол әсер беретін болады.