Жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ МЕН ӨНДІРІС ИНТЕГРАЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ

26–27 мамыр аралығында Дулати университетінің «Тоқыма, материалтану және стандарттау» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Актөбе қаласындағы ТОО «KAZFELTEC» кәсіпорнына жұмыс сапарымен барды. Сапар кәсіпорынның шақыртуымен ұйымдастырылып, ғылыми-әдістемелік көмек көрсету және өндірістік үдерістерге ғылыми сүйемелдеу мақсатында жүзеге асырылды.

Кездесуге PhD докторлар Бекжан Абзалбекулы мен Фархад Ташмухамедов, инженер Светлана Бурдеева қатысты.

Сапар барысында делегация кәсіпорынның өндірістік цехтарымен танысты. Атап айтқанда, қой жүнін жуу, талшықты химиялық өңдеу, бастапқы дайындау процестері және иглопробивтік әрі термоскрепление әдістері арқылы неткан материалдар өндіру бөлімдерінің жұмысы қаралды. Кәсіпорын өндірісі Италияның «Cormatex» компаниясының заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Сонымен қатар, дайын өнім қоймаларының қызметі таныстырылып, кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлерімен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Өнім ассортиментін кеңейту, сапаны арттыру және технологиялық үдерістерді жетілдіру бағыттары бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Сапар қорытындысы бойынша «В072 – Өндірістік және өңдеу салалары» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің кәсіби практикадан өтуі туралы келісім жасалды. Сонымен қатар, Дулати университеті базасында ПЦФ бағдарламасы аясында ашылған «Материалдар сапасы, неткан және композиттік материалдар» зертханасында дайын өнімге экспертиза жүргізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Тараптар алдағы уақытта ғылыми-техникалық және өндірістік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендігін білдірді.