Жаңалықтар

 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінде 2026 жылғы түлектерге диплом табыстау салтанаты өтті.



 Салтанатты шараға университет басшылығы, спорт майталмандары, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшылары мен жаттықтырушылары, профессор-оқытушылар құрамы, және ата-аналар қатысты. Биыл факультетті 600 түлек тәмамдап, оның 8-і үздік дипломға ие болды.

Дулати университетінің түлектері әлем және Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып, халықаралық ареналарда Қазақстанның көк Туын абыроймен желбіретіп келеді. Сондай-ақ, республикалық чемпионаттар мен студенттік спорт жарыстарында жоғары нәтижелер көрсетіп, университеттің спорттағы беделін нығайтуға зор үлес қосуда.

Мерекелік шара барысында жас мамандарға дипломдар салтанатты түрде табысталып, олардың білім мен спорттағы жетістіктері ерекше аталып өтті. Университет басшылығы түлектерге ақ жол тілеп, ел игілігі жолында табысты еңбек етіп, жаңа белестерді бағындыруларына сенім білдірді.