Жаңалықтар


Warning: Undefined variable $showCenterBlock in /var/www/clients/client1/web20/web/templates/sitetemplate/index.php on line 201

ДИССЕРТАЦИЯ СӘТТІ ҚОРҒАЛДЫ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы Венера Сарбасова «6D010300 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «Болашақ педагогтардың ұлттық өзіндік санасын қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

Ғылыми зерттеу барысында болашақ педагогтардың ұлттық өзіндік санасын қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздері жан-жақты қарастырылып, білім беру үдерісінде қолдануға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Венера ханымды құттықтаймыз! Алдағы ғылыми-педагогикалық қызметінізге толағай табыс, жаңа зерттеулер мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!