Университеттің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің ғылым жөніндегі декан орынбасарлары мен профессор-оқытушы құрамына арналған дөңгелек үстел өтті.
Басқосу 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушыларға коммерцияландыру гранттарының негізгі бағыттары, өтінім құрылымы, қаржыландыру көлемі және шығындар сметасын дұрыс рәсімдеу жолдары толық түсіндірілді. Сонымен қатар, ғалымдардың ғылыми нәтижелерін нарыққа шығару тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

