Жаңалықтар

ДУЛАТИ СПОРТШЫЛАРЫ ҚР КУБОГІНДЕ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

14–16 сәуір аралығында Шымкент қаласында еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Байрақты бәсекеде М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, «Білім саласындағы дене мәдениеті және спорттық қызмет» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Әлдибаев Шыңғысхан 92 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, І орынды жеңіп алды. 70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Көкамбаев Жан жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын иегері атанды. 61 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Мырзахмет Нышанбек үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді. Ал, 1-курс студенті Амангелді Нұргелді 92 кг салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, ІІ орынды қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен биік жеңістер тілейміз.