Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!

Филипин Республикасының астанасы Манила қаласында өткен самбодан Азия чемпионатында М.Х. Дулати атындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3 курс студенті Махамбет Сенім ел қоржынына қола медаль салды.

Азияның үздік спортшылары бас қосқан байрақты бәсекеде Махамбет Сенім жоғары деңгейдегі шеберлігі мен қайсар мінезін танытып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жас спортшы халықаралық аренада Қазақстанның көк туын абыроймен желбіретіп, оқу орнының мерейін үстем етті.

Махамбет Сенімді айтулы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!