Талдықорған қаласында өткен «AI SANA – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» атты республикалық студенттік жобалар байқауында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері жеңіске жетті. Университеттің «IPT Group» командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленіп, 500 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа қол жеткізді.
Аталған байқау мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан 2024 жылы қолға алынған «AI SANA» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өтті. Байқау 2026 жылдың «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты — студенттердің инновациялық жобаларын қолдау арқылы жасанды интеллект саласындағы жас мамандардың кәсіби әлеуетін дамыту.
Финалдық кезеңде еліміздің жетекші 13 жоғары оқу орны өзара бақ сынады. Қатысушылар инновациялық жобаларын ұсынып, олардың практикалық маңыздылығы мен өзектілігін қорғады.
Жеңімпаз атанған «IPT Group» командасының құрамы:
– Д. Маматаева — команда жетекшісі, аға оқытушы;
– Е. Болатов — 4-курс студенті, команда көшбасшысы;
– Е. Пазылханов — 4-курс студенті;
– А. Мұсылманқұл — 2-курс студенті.
Аталған жеңіс Дулати университетінде IT технологиялар мен жасанды интеллект бағытының қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Команда мүшелеріне алдағы уақытта да толағай табыстар, тың идеялар мен сәтті жобалар тілейміз. Қазақстанның IT саласының дамуына зор үлес қоса берулеріңізге тілектеспіз!
