Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Қытайдың Санья қаласында өткен 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы су добы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Дулати университетінің екі студенті – Аида Алпысбай мен Василиса Антропова ел намысын абыроймен қорғап, команданың жүлделі орын алуына өз үлестерін қосты.

Жарыс барысында қазақстандық спортшылар жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, нәтижесінде ІІ орынға ие болды. Аталған жүлде Қазақстан қоржынына жағажайдағы Азия ойындарындағы бесінші жеңісі ретінде тіркелді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Дулати университетінің атын әлемдік аренада абыроймен танытып жүрген студенттерімізге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел намысын асқақтата берулеріне тілектеспіз!