Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

25–27 наурыз күндері Тараз қаласында өткен пара армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында Дулати университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, 6В06116 – «Компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшіліктеу және қорғау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Хабиев Адам Нұржанұлы CPD санаты бойынша 65 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.

Сондай-ақ, 6B01421 – «Білім саласындағы дене мәдениеті және спорттық қызмет» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Әбілдаев Серік Берікұлы NI санаты бойынша 70 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынға қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша Дулати студенттері өздерінің спорттағы шеберлігі мен табандылығын дәлелдеп, университет мерейін асқақтатты.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!