Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ТОП ЖАРДЫ!

3–4 сәуір күндері Мақсұт Нәрікбаев университетінде International Legathon MaxUP 2026 халықаралық кейс-чемпионаты өтті. Құқық саласының болашағына арналған ауқымды сайысқа Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 13 елінен 90-нан астам студент қатысып, өзара бақ сынасты.

Байқау бағдарламасы екі негізгі кезеңнен тұрды. «Lex Fantastica» бөлімінде қатысушылар пікірсайыс арқылы өз ойларын дәлелдеп, шешендік қабілеттерін көрсетті. Зерттеу жобалары кезеңінде олар құқық саласының өзекті мәселелерін талдап, жаңа ұсыныстарын ортаға салды.

Орыс тілді лигада бақ сынаған М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, айтулы додада лайықты өнер көрсетті. Университет намысын Маржан Исағалиева, Николай Лагашкин, Даниил Шапко және Адэля Маратова қорғады. Команданың сәтті өнер көрсетуіне «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі Светлана Сергеевна жетекшілік етіп, зор үлес қосты.

Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жас зерттеушілерге кәсіби даму жолында сәттілік тілейміз. Бүгінгі жинақтаған тәжірибелеріңіз болашақта үлкен жетістіктердің негізі болсын.