Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

13–15 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақұлттық педагогикалық университетінде «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

«Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы аясында ұйымдастырылған білім сайысы студенттердің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігін заманауи талаптарға сай бағалауға бағытталды.

Аталған олимпиадаға Дулати университетінің студенттері қатысып, жүлделі III орынға ие болды. Байқауда университет намысын қорғаған «Ұлы дала шеберлері» командасының жетекшісі – Ахметов С.Т. Команда құрамында Оңалбай Айбек, Иманалы Ұлжан, Кузьмина Виктория және Чистякова Анна болды.

Айта кетейік, республикалық деңгейдегі бұл додада студенттер өздерінің шығармашылық ізденісі мен кәсіби даярлығының жоғары деңгейін дәлелдеді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Білімгерлерге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыру жолында толағай жеңістер тілейміз.