Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша ХVІІІ Республикалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті.

Аталған беделді білім сайысында Дулати университетінің  студенттерінен құралған «Insight Dulaty» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, III орынға ие болды. Команда құрамында университеттің 2-курс студенттері Ж.О.Кобейсинова, Н.Б.Қанатбек, Қ.Б.Аубакир кәсіби білімдері мен дайындық деңгейін жоғары дәрежеде көрсетіп, жүлделі орынға қол жеткізді. Команда жетекшісі – п.ғ.к., доцент Г.Ш.Сейдалиева. 

Сонымен қатар, аталған олимпиадаға студенттерді сапалы дайындап, қолдау көрсеткені үшін Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаеваға Алғыс хат жолданды.

Жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз! Студенттерімізге алдағы уақытта да биік белестер, толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!