Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТТІ

Дулати университетінің студенттері 2026 жылдың алғашқы айларында өткен республикалық және халықаралық деңгейдегі бірқатар беделді спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, университет абыройын асқақтатты. Әртүрлі спорт түрлері бойынша бақтарын сынаған студенттер жүлделі орындарды иеленіп, еліміздің спорт саласындағы жетістіктеріне өз үлестерін қосты.

Атап айтқанда, 22–27 қаңтар аралығында Астана қаласында өткен пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының командалық және жастар арасындағы чемпионатында Ерсен Станбек ересектер арасындағы жарыста ІІІ орынға ие болып, Mix team командалық жарысында І орын жеңіп алды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Айжан Беримкулова әйелдер арасында жалпы сумма бойынша І орын иеленіп, Mix team командалық сайысында ІІ орын иеленді.

Спорттың жекпе-жек түрлері бойынша да Дулати студенттері жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Ахмед Ахмедов 17 ақпанда Қостанай қаласында өткен пара дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІІ орын иеленді. Ал, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» Омар Әбдіқапар 30 қаңтар – 4 ақпан аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен қол күрес жарысынан Әлем кубогында І орын иегері атанып, Қазақстан мен университет мерейін үстем етті.

1–6 наурыз аралығында Астана қаласында өткен бочча спорт түрінен Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған республикалық турнир мен Қазақстан Республикасының Кубогінде де университет студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Дилафруз Махмадулоева ВС3 санаты бойынша жекелей ойыннан І орын, жұптық ойыннан І орын жеңіп алды.
Ал, Айгерим Танысбаева осы жарыста жекелей сында І орын, жұптық сында ІІ орын иеленіп, жоғары спорттық дайындық деңгейін көрсетті.

Пара таеквондодан да университет студенттері табысты өнер көрсетті. 6–7 наурыз күндері Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Ақерке Қапашова P35 санаты бойынша ІІ орын иеленді. Ал, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Жұманғали 63 кг салмақ дәрежесінде І орын иегері атанса, Қазақстан Республикасының спорт шебері Бауыржан Кушербаев 63 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.

Осылайша, Дулати университетінің студенттері республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда үздік нәтижелер көрсетіп, оқу орданың ғана емес, Қазақстан спортының да беделін арттыруға өз үлестерін қосып келеді. 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!Талантты студенттерге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жететіндеріне сенім білдіреміз!