Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ СПОРТ ЛИГАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының ЖОО арасындағы Студенттік спорт лиганың «Оңтүстік» аймақтық кезеңі өтті. Қазақша күрес сайысында Дулати университетінің студенттері белсенді қатысып, бақтарын сынады.

Жарыс нәтижесінде студенттер төмендегі орындарға ие болды:
 • 55 кг: Бөлтек Жанел – 3 орын
 • 60 кг: Мұқаметәлі Сағат – 3 орын
 • 65 кг: Таңжарықова Ұлдана – 1 орын
 • 66 кг: Келсинбеков Асылжан – 2 орын
 • 74 кг: Есеналиев Ринат – 2 орын
 • 75 кг: Сәткей Жанна – 3 орын
 • 82 кг: Ілиясұлы Нұрдәулет – 3 орын
 • 90 кг: Арман Ілияс – 2 орын
 • +90 кг: Қойшыбай Бауыржан – 3 орын

Осы нәтижелер бойынша Дулати университетінің палуандары жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді.

Аталған жеңістер Дулати университетінің спорттағы беделін одан әрі арттырып, қазақша күрестен жас палуандардың жоғары дәрежедегі шеберлігін көрсетті. Барлық жеңімпаздарды және жаттықтырушы Әділет Бубеевті шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да табыс тілейміз, белестеріңіз тек өсіп, жеңістеріңіз мол болсын!