Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен ЖОО арасындағы Студенттік спорт лигасының Оңтүстік аймақтық ойындарында Дулати университеті командалық есепте ІІІ орынға ие болды.

Шахмат спорт түрі бойынша жарыста Ақпараттық жүйелер мамандығының 3 курс студенті Қасым Қайсарұлы 42 студенттің арасында І орын иеленді. Ал қыздар арасында Математика мұғалімдерін даярлау мамандығының 2 курс студенті Шолпан Исмайлова ІІІ орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!