М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Есімова Шолпан Алтынбекқызының Ресей Федерациясының Д.И.Менделеев атындағы Химия-технологиялық университетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге РХТУ халықаралық қызмет жөніндегі проректоры Қадымов Дмитрий Сергеевич және РХТУ Тараз филиалының директорының міндетін атқарушы Колоколов Фёдор Александрович қатысты.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен ғылыми қызметті дамыту, қосымша білім беру және кәсіби даму бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ РХТУ Тараз филиалының қатысуымен серіктестік өзара іс-қимылды күшейту және жаңа бірлескен бастамаларды іске қосу мәселелерін талқылады.
Тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға, филиалдық ынтымақтастық моделін дамытуға және жаңа білім беру мен ғылыми жобаларды іске асыруға өзара қызығушылықтарын растады.







