Жаңалықтар

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ!

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы Студенттік спорт лигасының «Оңтүстік» аймақтық кезеңі өтті. Ұлттық ойын - тоғызқұмалақ бойынша Дулати университетінің құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте І орын иеленді.

Ерлер арасында келесі нәтижелер тіркелді:
 • Акимхан Саясат – 1-орын
 • Амангелді Сұлтан – 2-орын
 • Жұмабек Нұрсауле – 1-орын

Қыздар арасында:
 • Жолыш Жанат – 1-орын
 • Молдабек Айдана – 2-орын
 • Али Алия – 1-орын

Сонымен қатар, Дулати университетінің волейболдан қыздар командасы 15 жоғары оқу орны арасынан ІІ орын иеленді.

Құраманы аға оқытушы Джанар Камысбаева жаттықтырса, волейболдан қыздар командасын Нурдаулет Аганиязов дайындады. Барлық ойыншылар мен жаттықтырушыларды жарыстағы жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен талпыныстарыңыз университетіміздің спорттық беделін одан әрі арттыра берсін!