Дулати университеті UI GreenMetric World University Rankings 2025 халықаралық рейтингінде лайықты орын алып, тұрақты даму, экологиялық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік қағидаттарына адалдығын растады.
2025 жылы рейтингке 105 елден 1745 университет қатысты. Бағалау нәтижелері бойынша Дулати университеті әлемдік рейтингте 1281-орынға ие болып, 2024 жылмен салыстырғанда 10 сатыға жоғарылады, ал Қазақстан университеттері арасында 19-орынды иеленіп, ұлттық деңгейде 2 позицияға көтерілді.
Бұл оң динамика университеттің:
-білім беру мен ғылыми зерттеулерге тұрақты даму қағидаттарын енгізу;
-«жасыл» және инклюзивті кампус инфрақұрылымын дамыту;
-энергия үнемдеу және экологиялық тәжірибелерді енгізу;
-студенттер мен қызметкерлерді экологиялық және әлеуметтік бастамаларға тарту бағыттарындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді.
UI GreenMetric рейтингіне қатысу Дулати университеті үшін халықаралық бенчмаркинг пен университетті тұрақты дамытуға бағытталған стратегиялық құрал болып табылады.
UI GreenMetric 2025 рейтингін көру: https://greenmetric.ui.ac.id/rankings
