Жаңалықтар

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 31 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2026 жылғы 8 желтоқсанда жасалған №111-SA шарт негізінде 2026 жылғы 2 наурыздан бастап университетте 9 кластерлерге біріктірілген 31 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өткізілуде. Процесті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жүзеге асырады.

Аккредиттеу барысында жалпы саны 27 сыртқы сарапшы академиялық үдерісті бағалайды:

  • 12 сарапшы – университет базасында оффлайн форматта;
  • 15 сарапшы – онлайн форматта.

Сарапшылар құрамына шетелдік және ұлттық жоғары оқу орындарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, жұмыс берушілер және студенттік қоғамдастық мүшелері енген.

Сыртқы эксперттер визиті барысында сараптама комиссиясы:

  • білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу нәтижелерін;
  • оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін;
  • профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін;
  • ғылыми-зерттеу қызметін;
  • материалдық-техникалық базасын;
  • білім алушыларды қолдау және сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін кешенді түрде зерделейді.

Сондай-ақ университет басшылығымен, құрылымдық бөлім басшыларымен, оқытушылармен, білім алушылармен және жұмыс берушілермен кездесулер іске асырылады.

Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру сапасын тәуелсіз бағалаудың маңызды тетігі. Ол білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, басқару тиімділігін арттыруға және Дулати университетінің академиялық беделін нығайтуға бағытталған.