М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде 2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығын қорытындылауға арналған “Бүгінгі белсенді – ертеңгі көшбасшы” атты конференция өтті.
Іс-шараға “DU UNION” студенттік парламентінің мүшелері, “Еркін ойлар алаңы” пікірсайыс ұйымының спикерлері және “DULATY AMBASSADORS” имидждік тобының белсенді жастары қатысты.
Конференция барысында ұйымдардың I жартыжылдықтағы қызметі сараланып, жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, студенттердің бастамашылдығын, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды ұсыныстар айтылды.
Жастардың белсенділігі мен ұйымшылдығын арттыруды мақсат еткен бұл жиын мазмұнды әрі әсерлі өтті.

