Жаңалықтар

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ COURSERA ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетіне әлемнің жетекші университеттері мен компанияларының курстарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін 2026 жылға Coursera халықаралық онлайн білім беру платформасы бойынша 700 тегін лицензия бөлінді.

Осы семестрде алғашқы болып «Экономика және құқық» факультетінің 1-курс студенттері бұл мүмкіндікке ие болды. Оқыту «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» курсы аясында, өзіндік жұмыс шеңберінде қосымша білім беру ресурсы ретінде ЖАОК моделін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда білім тек аудиториямен шектелмейді. Coursera платформасы студенттерге:

- икемді және дербес оқу мүмкіндігін;
- еңбек нарығының талаптарына сай практикалық білімді;
- заманауи дағдыларды меңгеруді ұсынады.

Неліктен бұл маңызды?

Бейресми білім:
- негізгі оқу бағдарламасын практикалық біліммен толықтырады;
- цифрлық және soft skills дағдыларды дамытады;
- өздігінен оқуға мүмкіндік береді;
- еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады.

Coursera сертификаттары оқудың нақты нәтижелері болып табылады. Олар:

- түйіндеме мен портфолиоға қосуға болады;
- жұмысқа орналасу және тағылымдамадан өту кезінде растама ретінде қолданылады;
- тәжірибе мен академиялық ұтқырлықта ескеріледі;
- жұмыс берушілерге нақты құзыреттіліктің дәлелі болады.

Университет студенттері Coursera курстарын тегін пайдалана алады, ал алынған  бейресми білім оқу процесінің ресми бөлігі ретінде танылуы мүмкін!