Жаңалықтар

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАМАНДАРЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

6–7 наурыз күндері Қарағанды қаласында Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының 2026 жылғы чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар бақ сынаған байрақты бәсекеде Әлеуметтік жұмыс басқармасының Инклюзивті білім беру орталығының мамандары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Аружан Доқтырбаева
P34 санатында бақ сынап, І орын иеленіп, Қазақстан чемпионы атанды. Ал, Әсел Мұсаева осы санатта ІІ орын алып, күміс жүлдегер атанды.

Айта кету керек, Әсел Қайбуллақызы пара спорттың бірнеше түрімен белсенді түрде айналысады. Ол пара арбадағы спорт биі, ұлттық тоғызқұмалақ және пара таеквондо бойынша тұрақты жаттығып, түрлі жарыстарда университет намысын қорғап келеді.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да жоғары жетістіктерге жетіп, ел намысын абыроймен қорғап, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!