Жаңалықтар

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰСТАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Астана қаласында «ТМД үздік магистранты» атты халықаралық форум ұйымдастырылды.

Аталған форумға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушысы Бекнұр Алмешев қатысып, ғылыми мақала ұсынып, халықаралық деңгейдегі ғылыми жұмыстар байқауында жоғары нәтиже көрсетті. Нәтижесінде, бірінші дәрежелі дипломмен және «ТМД үздік магистранты» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, кафедраның аға оқытушысы Жанар Бекбергеноваға ғылыми жетекшілік қызметі үшін Алғыс хат табысталды.

Марапат иелерін құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!