Жаңалықтар

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ЕСЕНОВ ШӘКІРТАҚЫСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ!

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Химия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Іңкәр Әлімбек Академик Шахмардан Есенов атындағы шәкіртақы байқауының жеңімпазы атанды.

Жас ғалым ғылыми жетекшісі — «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Саят Мамешованың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты жүргізіп келеді. Оның жоғары дайындық деңгейі, ғылыми әлеуеті мен табандылығы байқауда жеңіске жетуіне негіз болды.

Осылайша, Іңкәр Әлімбек беделді шәкіртақы иегері атанып, өз жетістігімен университет абыройын арттырды.

Жас ғалымды және жетекшісін құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!