Жаңалықтар

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАЛАРДА ТОП ЖАРДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.

Қырғызстан Республикасының Чолпан-Ата қаласында өткен армрестлингтен Азия чемпионатында университеттің 4-курс студенті Мадина Манап қарсыластарына дес бермей, Азия чемпионы атанды.

Сонымен қатар, Солтүстік Македонияда өткен халықаралық «Мирослав Петрович» атты жастар турнирінде Қазақстан жастар құрамасы табысты өнер көрсетіп, командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Жарыс барысында Дулати университетінің 1-курс студенті Шамсәт Лесбай өз шеберлігін дәлелдеп, қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ол турнирдің ең үздік қатысушысы атанып, «Үздік боксшы» арнайы сыйлығымен марапатталды.

Қазақстан жастар құрамасын Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бастап барды. Турнир қорытындысы бойынша ол «Үздік жаттықтырушы» атағына ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!