Жаңалықтар

ДУЛАТИ ЖАСТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАРДА ТОП ЖАРДЫ

Дулати студенттері спорттық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, оқу орнының абыройын асқақтатты.

26–29 наурыз аралығында Орал қаласында өткен еркін күрестен есту органдары зақымданған U-23 спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында  2 курс студенті Марзахмет Нышанбек 65 кг салмақ дәрежесінде топ жарып, 1-орын иегері атанды.

Сонымен қатар, 23–27 наурыз аралығында Тараз қаласында өткен пара армрестлингтен Қазақстан чемпионатында 1 курс студенті Нұрдаулет Жайлаубай ересектер арасында 60 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жүлделі 3-орынды иеленді. 

Жеңімпаздарды жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!