Жаңалықтар

ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Сәрсембаевты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар салық және кеден әкімшілігінің тиімділігін арттыру, студенттер мен оқытушылардың салықтық сауаттылығын көтеру, дарынды жастарды цифрлық технологиялар арқылы анықтау және қоғамдағы салыққа сенімділікті нығайту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде тренингтер, семинарлар, конференциялар және басқа да білім беру іс-шаралары өткізіледі. Сонымен қатар, бірлескен аналитикалық шолулар, оқу-әдістемелік материалдар мен ақпараттық ресурстар әзірленіп, практикалық және мотивациялық жобалар іске асырылады.

Кездесу қорытындысында алдағы бірлескен жоспарлар талқыланып, ынтымақтастықтың тұрақты әрі қарқынды түрде жалғасатыны атап өтілді. Қонақтар университет басшылығына алғыстарын білдіріп, білім ордасының алдағы жетістіктерге жететініне сенімдерін білдірді.