Жаңалықтар

ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Университет қабырғасында Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Рысгуль Кудретуллаева «Қаратау технология, білім және бизнес» колледжінің директоры Алмасхан Жузжасаровты қабылдады.

Кездесу барысында екі тарап білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екіжақты меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, ғылыми конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу бағытында жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, колледж түлектерінің университетте оқуын жалғастыруына жағдай жасау көзделген. Құжатқа сәйкес, университет өкілдері колледж білім алушыларының қорытынды аттестаттауына қатысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі кеңейтіледі. Студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру мен кәсіби бағдар беру жұмыстары да бірлесіп жүзеге асырылады.

Кездесу соңында алдағы жоспарлар легіне жан-жақты талдау жасалып, еліміздің білім саласындағы даму жолында қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды. Қонақтарымыз университет басшылығына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенімдерін білдірді.