Жаңалықтар


Warning: Undefined variable $showCenterBlock in /var/www/clients/client1/web20/web/templates/sitetemplate/index.php on line 201

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы

2026–2027 оқу жылының І семестрінде «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы Қуандықов Талғат Асқарұлы ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде білім беру үдерісіне қатысуда.

Оқытушы 6В01730 – «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Екінші шетел тілі (түрік тілі) В1-1» пәні бойынша дәріс және практикалық сабақтарды аралас форматта өткізеді.

Бағдарлама аясында алғашқы апта офлайн форматта өтіп, одан әрі сабақтар онлайн жалғасады. Семестр соңында оқытушы Павлодар қаласына барып, пән бойынша емтихан қабылдауға қатысады.

Академиялық ұтқырлық кәсіби тәжірибе алмасуға, оқыту әдістемесін жетілдіруге және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.