Жаңалықтар

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Тараз қаласында 19–22 мамыр аралығында «WorldSkills Jambyl – 2026» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты ұйымдастырылды. Ауқымды сайысқа облыс бойынша 32 колледжден 250-ге жуық жас маман қатысып, өзара сынға түсті.

Аталған чемпионатқа М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті колледжі де белсене қатысып, өз үлесін қосты. Колледж студенттері мен оқытушылары түрлі бағыттар бойынша тәжірибе алмасып, кәсіби мүмкіндіктерін паш етті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Зертханалық және химиялық талдау» мамандығының 2-курс студенті Алина Қадіржан  III орын иегері атанды. Ал, «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының 2-курс студенті Азамат Ражап III орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!