Жамбыл облысында «ENIGMA MODELS» модельдік агенттігінің ұйымдастыруымен Халықаралық «SILK WAY FASHION EXPERIENCE» сән фестивалі өтті. Фестиваль Жамбыл облысы әкімдігінің «Кәсіпкерлікті индустриалды-инновациялық дамыту» КММ, Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, әйелдер кәсіпкерлігінің салалықаралық кеңесі «Іскер әйелдер кеңесі», Республикалық Re.Women қауымдастығы, облыстық әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Respublica және «Ауыл» партияларының Жамбыл облыстық филиалдары, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қолдауымен өткізілді.
Фестиваль бағдарламасына «Кәсіпкерлік және креативті индустриялар» форумы, киім эскиздері конкурсы, танымал қазақстандық дизайнерлердің коллекцияларының fashion-көрмесі, қолданбалы сәндік-қолөнер бұйымдарының шығармашылық жәрмеңке-көрмесі, шоу-рум және «Преображение» жобасы кірді.
Киім эскиздері конкурсына Қазақстан мен жақын шет елдердің профильдік орта, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, жас дизайнерлер, шығармашылық ұжымдар мен сән үйлері қатысты.Байқауда Дулати университеті, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық университеті, Алматы технологиялық университеті және И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің студенттері өз жұмыстарын ұсынды.
Конкурс қорытындысы:
•III орын – Гүлназ Дүйсембаева (Алматы технологиялық университеті, жетекші: Маржан Омарбекова) және Адилена Канаева (И. Раззаков атындағы Қырғыз техникалық университеті, жетекші: Айнура Джолдошева).
•II орын – Дулати университетінің студенттері Әнел Сәрсембай (жетекші: Гулнара Смагулова), Жаныл Оразбек (жетекші: Акмарал Жаппарова), Шұғыла Қиялбек (жетекші: Айша Мукаева) және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық университеттің студенті Гүлнұр Әділбекқызы.
•I орын – Жазира Бақытжан (Дулати университеті, жетекші: Роза Пернебаева).
•Бас жүлде – Екатерина Дорошенко (Дулати университеті, 4-курс, жетекші: Гулнара Смагулова) «Золото наследия» коллекциясымен марапатталды. Ерекше жүлде ретінде оның эскиздері бойынша киім коллекциясын тігуге Қазақстандағы алғашқы «Plus size» сән бренді мен Compliment дүкендер желісінің негізін қалаушы Евгения Саладинова уәде берді.
Сән конкурсының номинациялары бойынша жеңімпаздар:
• Prêt-à-porter – Толғанай Назарбай, «Denim Nomad» коллекциясы;
• Балалар костюмы – Мектеп оқушылары сарайының тәрбиеленушілері «Потомки солнца» коллекциясы;
• Кешкі көйлектер – I орын – Мейрім Үйкен, «Жасмин» коллекциясы (Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті), II орын – «Бортэ» коллекциясы, III орын – «Волна орнамента».
Фестиваль аясында Дулати университетінің студенттері төрт этнографиялық костюм коллекциясын таныстырды: «Ұлы Жібек жолы», «Шығыс шұғыласы», «Қызыл кербез» және «Дала нақышы» (жетекшілер: Сулушаш Байжанова, Уржамал Келесова, Акмарал Жаппарова, Роза Пернебаева).
Барлық қатысушылар сертификаттармен, жетекшілер Алғыс хаттармен марапатталды. Ал, жеңімпаздар халықаралық үлгідегі дипломдар, сыйлықтар және естелік сыйлықтарға ие болды.

