Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ЧЕМПИОН АТАНДЫ!

«Tashkent Open» халықаралық турнирінде таеквондодан тартысты бәсеке өтті. Аталған жарысқа түрлі елдерден келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Турнир қорытындысы бойынша Дулати университетінің 1 курс студенті Қарақат Рахманқұл жоғары деңгейде бақ сынап, қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, мұндай ірі турнирлер жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, кәсіби деңгейін арттыруына мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, Қарақаттың алдағы жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетуге әлеуеті зор.

Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!