Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ ЧЕМПИОН АТАНДЫ!

Тараз қаласында өткен Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті.

Аталған жарыста Лесбай Шамсат пен Қалабай Ақжүрек өз салмақ дәрежелерінде үздік өнер көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды.

Жеңімпаздар мен жарысқа дайындаған жаттықтырушы, университеттің құрметті профессоры Нұрлан Ақүрпековті құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата берулеріңізге тілектеспіз!