Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРАМАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Өзбекстан республикасы, Самарқанд қаласында ұйымдастырылған «2026 CAVA Men’s and Women’s Universiade Game» халықаралық жарысында Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары бақ сынады.

Аталған додаға Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан елдерінен 14 жоғары оқу орнының командалары қатысып, өзара тартысты бәсеке өрбіді.

Жарыс қорытындысы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті қыздар волейбол құрамасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команданың бұл жетістігі – жүйелі дайындық, табандылық пен ұйымшылдықтың нәтижесі.

Команданы жарысқа дайындаған жаттықтырушылар Нурдаулет Аганиязов пен Дастан Джылысбаев.

Жеңімпаз команда  мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!