Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын сапалы дайындауға, референдумды ұйымдастыру мен өткізуге атсалысып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ марапатталды. 

Марапатты ғалымға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев табыстап, ел дамуына, ғылым мен білім саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жылы лебізін білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Марапат иесін құттықтай отырып, алдағы ғылыми және қоғамдық қызметіне толағай табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!