Жаңалықтар

МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында «Ақпараттық жүйелер» кафедрасынын ұйымдастыруымен «Ана – алғашқы ұстаз» тақырыбында мерекелік кеш өтті. 

Кештің мақсаты – аналардың еңбегі мен рөлін дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін көрсету арқылы университет қауымдастығының бірлігін арттыру.

Мерекелік кеште кафедра меңгерушісі PhD докторы, қауымдастырылған профессор Аслан Нұрбекұлы құттықтау сөз алып, аналардың қоғамдағы орны мен отбасының берекесін сақтаудағы рөлін атап өтті. Профессор студенттер мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, аналарға деген құрмет пен алғысын жеткізді. Ананы өмірдің тірегі, әр отбасының алтын діңгегі ретінде бағалап, олардың еңбегі мен мейірімін ерекше ықыласпен жеткізді. Сонымен қатар, керемет кешті ұйымдастыруға  1 курс студенттері мен кураторлар
Н.Ж.Жоранова, А.Т.Акынбекова, Д.Т.Қарғабаева белсенді түрде үлес қосқанын сөз етіп, алғысын білдірді.

Мерекелік кеш барысында студенттер ақындық, музыкалық және би нөмірлерімен аналарға құрмет көрсетті. Ермек Мөлдір орындаған «Ана», Миятбек Даниялдың «Ару ана» әндері,«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты хорлық композиция аналардың жүрегіне жол тапты. Студенттер аналарға алғыстарын айтып, шығармашылық нөмірлер арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қатысушылар аналардың бала тәрбиесіндегі, қоғамдағы және отбасының берекесін сақтаудағы орны ерекше екенін атап өтті.

Мерекелік кеш соңында қатысушылар аналарға гүл шоғын сыйлап, жылы лебіздерін білдірді.