Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Университет қабырғасында «Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектерінің тәлім-тәрбиелік маңызы» тақырыбында облыстық эссе байқауы өз мәресіне жетті. Ұйымдастыру комитеті: «Маркетинг және кәсіптік бағдарлау» басқармасы. 

Байқаудың мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы тарихи мұраны насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан білім сайысына облыс мектептерінің дарынды оқушылары қатысты. Қатысушылардың жұмыстары арнайы комиссия тарапынан мазмұнының тереңдігі, тақырыптың ашылуы, тілдік сауаттылығы мен шығармашылық деңгейі бойынша бағаланды.

Қорытынды нәтижеге сәйкес:
 • І орынды (100% оқу ақысына жеңілдік сертификаты) Тараз қаласындағы №27 М.Мәметова атындағы мектептің оқушысы Беназир Осмонбекова иеленді;
 • ІІ орын (75% оқу ақысына жеңілдік сертификаты) Нарғозы Данаев атындағы мектептің оқушысы Дамира Назарбекке бұйырды;
 • ІІІ орын (50% оқу ақысына жеңілдік сертификаты) Меркі ауданындағы №39 мектеп-гимназия оқушысы Жамиля Бегимбаеваға табысталды.

Жеңімпаздарға оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған сертификаттар мен арнайы марапаттар берілді. Сонымен қатар, барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, үздік жұмыстар арнайы эссе жинағына енгізілді.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Алдағы оқу жолында табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!