Жаңалықтар

РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАН ОРЫНДАЛДЫ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер мемлекеттік әнұранды орындады.

Салтанатты рәсімнің мақсаты – әрбір қазақстандықтың өз жеріне, халқына деген мақтаныш сезімін оятып, патриотизм мен азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету.

Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева құттықтау сөз алып, мемлекеттік рәміздерде барша Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдіретті күш бар екенін жеткізді.

Мемлекеттік ту Қазақстанның еркіндігі мен біртұтастығын, Елтаңба – жүріп өткен тарихи жолымыз бен бірлігімізді бейнелейді. Әнұран Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятып, болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын салтанатты ән. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – биік азаматтық пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.

Мереке құтты болсын!