Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Қарағанды медицина университетінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы мен «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханның мұрасы жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы маңызы» атты студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – Әлихан Бөкейхан мұрасын жан-жақты зерделеу, оның ұлттық идея мен тәуелсіздік жолындағы қызметін насихаттау арқылы студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту. 

Жиын барысында қатысушылар тарихи тұлғаның қоғамдық-саяси еңбегін қазіргі Қазақстан дамуымен сабақтастыра отырып талқылап, ғылыми баяндамаларын қорғады.

Аталған конференцияға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 2-курс студенті Ұлдана Әжібек қатысты. Білімгер «Алаш идеяларының қазіргі Қазақстан дамуымен сабақтастығы» тақырыбындағы ғылыми баяндамасымен ерекшеленіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттің ғылыми жетекшісі – Гүлшат Мырзапаизова.

Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, толағай табыс және сәтті ғылыми ізденістер тілейміз!