Жаңалықтар

САРАПТАМАЛЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында «Scopus/Web of Science журналдарында жариялану стратегиялары және эмпирикалық зерттеулер» тақырыбында сараптамалық семинар ұйымдастырылды. Ұйымдастыру комитеті: Ғылыми-зерттеу қызметі бөлімі.

Семинардың мақсаты – халықаралық деңгейдегі жоғары рейтингті басылымдарда жариялану белсенділігін арттыруға мүдделі оқытушылар мен зерттеушілерге қолдау көрсету.

Семинар спикері – білім беруді басқару саласының танымал сарапшысы Айгерим Баянбаева (PhD, University of Bristol, Ұлыбритания), Ұлыбританиядағы Жоғары білім трансформациясы орталығының зерттеушісі және Q1 деңгейіндегі жетекші ғылыми журналдардың рецензенті.

Семинар барысында бірнеше негізгі бағыттар қарастырылды. Атап айтқанда, жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен олардың академиялық стандарттарға әсері талданып, жоғары деңгейлі журналдардың талаптарына сәйкес келетін эмпирикалық зерттеулер жүргізу бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, ғылыми мақаланы дайындау, тиісті журналды таңдау және рецензиялау кезеңдерінен сәтті өту жолдары кезең-кезеңімен түсіндірілді.

Семинар соңында қатысушылар спикердің кәсібилігін жоғары бағалап, материалдың нақтылығы мен мазмұндылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ұсынылған тәжірибелік кеңестер университет ғалымдарына өз ғылыми еңбектерін халықаралық деңгейде тиімді ұсынуға мүмкіндік беретіні айтылды.