Жаңалықтар

ШЕБЕРЛІК САҒАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында ұлттық қолөнер мен заманауи білімді ұштастырған жібек матасын бояу технологиясына арналған шеберлік сағат ұйымдастырылды. Ұйымдастыру комитеті:  «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының «Текстиль» және «Стандарт және сапа» студенттік ғылыми үйірмесі.

Шеберлік сағаттың мақсаты – жібек өндірісінің технологиясын зерделеу арқылы тарихи мұраны сақтау және отандық текстиль өнеркәсібін дамытуға бағытталған ғылыми-тәжірибелік білімді жетілдіру. 

Шара барысында қатысушылар жібек матасын бояудың дәстүрлі және заманауи әдістерін тәжірибе жүзінде меңгерді. Практикалық жұмыс арқылы студенттер мен оқушылар жаңа кәсіби дағдылар игеріп қана қоймай, ата-баба мұрасын заманауи көзқараспен жалғастырудың маңызын түсінді.

Шеберлік сағатқа  «Өшпес мұра» Жамбыл облысы қолөнершілер қауымдастығының шеберлері Абдуллаева Г.И., Құдайбергенова Г.А., Конысбаева Б.А. қатысып, жібек бояудың қыр-сырын көрсетіп, тәжірибелік сабақ өткізді. Сонымен қатар, «Инновациялық текстиль», «Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» білім беру бағдарламаларының студенттері және М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінің оқушылары белсенді қатысты.

Кафедра меңгерушісі, PhD Кауымбаев Р.Т. сөз алып, ұлттық қолөнерді ғылыми тұрғыда зерттеудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, кафедраның профессор-оқытушылары, PhD Жумабекова Г.Б., Демеуова Г.Б., Сарыбаева Э.Е., Онлабекова А.Т., магистр Касымова Г.А., магистр Кембаев Н.А. сөз сөйлеп, дәстүрлі өнерді заманауи технологиямен ұштастыру – сапалы маман даярлаудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Басқосу соңында үйірме жетекшілері, доцент Ж.С. Рахманова мен аға оқытушы Абутова Р.Д. ұлттық өнерді дәріптеуге атсалысып жүрген шеберлер мен белсенді жастарға алғыс білдірді. Қатысушылар өз кезегінде ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.