Жаңалықтар

ҰСТАЗДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІГІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ!

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы Алпысбай Ләйла Алпысбайқызына «8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Басқарма Төрағасы - Ректорының у.м.а Сейтжан Орынбаев марапат иесіне еліміздің білім саласын дамытуға қосып жүрген үлесі үшін алғыс білдіріп, ғылым мен білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.