Жаңалықтар

СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАДА ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Түркістан қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы Студенттік спорт лигасы аясында баскетболдан Дулати университеті студенттерінен құралған команда І орынды жеңіп алды.

Жарыс барысында университет спортшылары шебер ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Команданың жеңіске жетуіне жаттықтырушы, аға оқытушы Дастан Джылысбаевтың қосқан үлесі зор.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!