Жаңалықтар

«ТАРИХТЫ ТАНЫ, ТҰЛҒАНЫ ҰЛЫҚТА» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тарихты таны, тұлғаны ұлықта» атты кітап көрмесі өтті. Ұйымдастыру комитеті: М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы.

Көрменің мақсаты – жастардың тарихи танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың өмірі мен еңбегін кеңінен насихаттау.

Көрмеге жоғары оқу орнының студенттері қатысып, қазақ тарихы мен рухани мұрасына қатысты құнды деректермен танысты.

Көрме аясында тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметіне арналған еңбектер, ғылыми зерттеулер мен деректі жинақтар көпшілік назарына ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасап, олардың мазмұны мен тарихи маңызы жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Көрме соңында білімгер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.