Дулати университетінің Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев бастаған делегация «ТаразКожОбувь» ЖШС кәсіпорнына жұмыс сапарымен барып, дөңгелек үстел форматындағы кездесу өткізді.
Кездесуге Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры А. Қабдушев, бас ғылыми қызметкер Б. Абзалбекұлы, аға ғылыми қызметкерлер М. Шардарбек пен Р. Қауымбаев қатысты.
Кәсіпорын директоры Е. Абдыбаев компанияның өндірістік әлеуеті, өнім ассортименті мен даму стратегиясы туралы ақпарат берді.
«ТаразКожОбувь» ЖШС – былғары бұйымдарымен былғары аяқ киім өндіретін еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымы мен тәжірибелі мамандар құрамы заманауи әрі сұранысқа ие өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында университетте жүзеге асырылып жатқан BR24992867 «Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру» бағдарламасын бірлесіп іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, стартап жобаларды дамыту және өндірістік міндеттерді шешуге бағытталған нақты іс-шаралар айқындалды.
Кездесу соңында тараптар жол картасын әзірлеу және ғылым мен өндіріс интеграциясын күшейту бағытындаынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.


